Жастар – болашақ кепілі

Тек біздің қаламызда ғана емес, еліміздің басқа да өңірлерінде «Нашақолыққа жол жоқ!», «Темекісіз жастар» сияқты түрлі іс-шаралар, акциялар жүзеге асырылуда. Сондай бір семинар өткен аптада №3 кәсіптік лицейде «Нашақорлықтың алдын-алу тәжірибесіне үйрету» деген атпен өтті. Жезқазған аймағы бойынша «Здоровая Азия» қорының бастығы Ж.Жүсіпованың жүргізуімен өткен семинарға Сәтбаев қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы С.Мұханбеталина, КТІЖ аға инспекторы, полиция капитаны Г.Жалмурзинова, Сәтбаев қаласының филиалы «Здоровая Азия» қорының өкілі А.Қошқарова қатысып отырды. Бүгінгі таңда адам өмірі және оның денсаулығы алға қойылған өзекті мәселелердің бірі. Ішімдік ішу, наша қолдану арқылы адамдардың саналы түрде денсаулығына әсер ететін психотропты заттарды пайдалануы. Әсіресе, кәмелетке толмағандар арасында бұндай жайдың бел алуы, қоғамымызда алаңдатушылық тудырып отыр. Бұл күнгі кездесудің тақырыбы да нашақорлық, ішімдік, сондай-ақ емі жоқ жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулар туралы өрбіді. Жылдан жылға шылым шегушілер қатары көбеймесе азаймай отырғаны анық. Әсіресе, оқушылар мен студенттер арасында бір топ балалар шылымдарын сорғыштап тұрғандарын көруге болады, тіпті оған өзіміздің етіміз де үйреніп кеткенге сыңайлы. Бұл не? Жастар арасындағы сән бе, әуестік пе әлде қызығушылық па? Бұны өздері де біле бермейді. Ішімдік ішіп, анашалық заттар қолданған жастардың көбі қылмыстық әрекетке барады. Бүгінгі күні тәрбиесі қиын жастармен қаламыздың бір топ инспекторлары жұмыс жүргізуде. Осы орайда сөз алған Гүлнар Шәріпқызы: – Біздің қала бойынша әкімшілік жауапқа 114 жасөспірім, ал 1 бала наркотикалық затты сақтағаны үшін жазаға тартылды. Қазір білесіздер, түнгі 23.00-ден кейін темекі мен ішімдік заттар сатылмайды, сатылған жағдайда дүкен қожайыны жауапқа тартылады,–деп беймезгіл уақытта жүрмеулерін ескертті. Дегенмен, бұл жастардың бойын жайлаған айықпас дерт. Күнделікті теледидардан, мектеп қабырғаларында айтылып жатса да жас сананың улануына жастардың өздері жол беруде. Жалпы, тәрбие жанұядан басталатыны анық. Сондықтан, темекі шегетін ата-ана баласына көрсететін үлгі-өнегесі жайлы да ойлануы керек. Г.Әжібаева.

Комментарии закрыты.