Салтанатты сәт

Өткен сенбіде №15 жалпы білім беретін орта мектеп қабырғасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Ата заңымыздың 16 жылдық мерекесі қарсаңында 16 жасқа толған жеткіншектерге жеке бас куәлігін табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға қалалық мәслихаттың аппарат жетекшісі Қ.Махамбетова, ішкі саясат бөлімінің басшысы К.Сағындықова, ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Б.Каримов, қалалық мәслихаттың депутаты А.Төлендина, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Есмұрзаева және басқа да мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.

Келген қонақтар барша қатысушылар мен кәмелеттік жасқа толған жастарды мерекелерімен құттықтап болған соң, ішкі істер бөлімінің аға лейтенанты Шолпан Тлеубергенова 10 азаматқа жеке бас куәлігін салтанатты түрде табыс етті.
Ересек өмірге жолдама алған Қазақстан Республикасының жас азаматтарына естелік сыйлықтар берілді.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.