Жезқазған кентінің әкімі Б.Әбеннің 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есебі

Құрметті кент тұрғындары! Қымбатты жерлестер!

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 05 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер кезекті есептік кездесулерін жылдың бірінші тоқсанында өткізу қажеттігі айқындалған.

Барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайынғы халықтың алдындағы есеп беру кездесулері өткен жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылайтын, проблемалық сұрақтарды анықтап, оларды тиімді шешу жолдарын ұсынатын, атқарушы биліктің халықпен ашық сұхбат жүргізетін алаңы болып табылады.

«Жезқазған кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік басқару функцияларын орындайды және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Қарағанды облысы және Сәтбаев қаласы әкімдігі  мен әкімінің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді өз қызметінде басшылыққа алып, оларды жүзеге асыру бойынша тиісті іс-шаралар ұйымдастырады.

Жезқазған кенті Сәтбаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Кент құрамына, Весовая, Крестовский, Перевалка елді мекендері және Сәтбаев ауылы кіреді. Жалпы Жезқазған кенті аумағында бүгінгі таңда 4 175 адам тұрады.

2017 жылы кент халқының әлеуметтік топтарына 150 көлікте тегін жүру билеттері берілді. Мектеп оқушыларының көлікте тегін жүруін қамтамасыз етуі мақсатында, 328 тегін жүру билеті берілді.

Кент аумағында 2 мектеп орналасқан. Весовая елді мекеніндегі № 10 мектепте – 133 және № 12 мектепте — 274 оқушы білім алады.
№4 «Айгөлек» бала-бақшасында 74 бала тәрбиеленеді.

Весовая елді мекенінде № 2-ші музыка мектебі орналасқан. Онда 164 бала флейта, аккордеон, фортепьяно, домбыра, қобыз үйірмелеріне қатысады.

Сонымен қатар, осы елді мекенде 35 145 кітап қоры бар отбасылық кітапхана орналасқан.
Жергілікті тұрғындарға медици­налық көмекті Сәтбаев қаласы емханасының филиалы жүзеге асырады.
Қоғамдық тәртіпті кенттік полиция бөлімінің қызметкерлері бақылайды. Бөлім бастығы, полиция майоры – Қасым Нұрсұлтан Шәкірұлы.

Кенттің экономика саласы
Жезқазған кентінде және іргелес жатқан елді-мекендерде 69 бизнес нысандары бар. Соның ішінде кентте 5 дүкен, 2 наубайхана, 1 шаштараз және 1 дәріхана жұмыс істейді. Весовая елді мекенінде –14 дүкен, Крестовскийде – 4 дүкен, Перевалкада 1 дүкен бар.
35 нысан жұмыс істемейді.
Сонымен қатар, 3 ЖШС және 3 шаруа қожалығы тіркелген.

Тұрғын-үй коммуналдық
саласы
Тұрғын-үй коммуналдық бөлімінің бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты – Жезқазған кенті және оған іргелес жатқан елді-мекендерін жылу, су және электр жүйелерімен қамтамасыз ету.
Жезқазған кентінде барлығы 150 көпқабатты үйлер бар, оның ішінде:
– 47 үй – «Сәт Тазалық» ЖШС № 5 ТҮКЦ қарасты,
–103 үй еш кондоминиум құра­мында емес.
2016-2017 жылу маусымы тұрақты түрде өтіп, 2016 жылдың 15 сәуірінде аяқталды.
Сонымен қатар 2017-2018 жж. жылу маусымы Жезқазған кенті және оған іргелес елді мекендерде 2017 жылдың 5 қазанында басталып, тұрақты түрде өтуде.

Бірақ, жылу энергиясын пайдаланушылар санының күрт азаюына байланысты, жылуөткізгіш көлемі төмендеп, соның салдарынан жылу желілерінде жарылулар саны өсті. Весовая елді мекенінде жылу беру маусымында жылу желілерінде ауа қалыптасуы байқалады. Өз кезегінде ТКБ бөлімінің мамандары СЖЖМ, ЖЭМ бірге жоғарыда аталған мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар атқаруда.
Жезқазған кенті және іргелес жатқан елді-мекендерге жылу Оңтүстік-Батыс қазандығынан бері­леді. 2017-2018 жылу маусымына дайындалу барысында ТС№2 Технологиялық құбыр желісін ауыстырып, №1, №2, №3 қазандықтарының ағымдық жөнделуі жүргізілді.

Тұрғындарға жылу СЖЖМ, ЖЭМ және Сәтбаев қаласы әкімдігімен бекітілген температуралық кестеге сәйкес беріледі.
Елді-мекендердің қатты-тұрмыс­тық қалдықтарын «Сәт Тазалық» ЖШС-імен жинайды. Барлығы 45 контейнерлік алаңдар бар, оларда 126 контейнер орнатылған. Қоқыстар арнайы автокөлікпен жиналады. Тұрғындар арасында туындаған сұрақтар «Сәт Тазалық» ЖШС-і бірлесіп шешіледі.

Сәтбаев қаласы әкімінің өкіміне сәйкес Сәтбаев қаласы және оған іргелес жатқан елді-мекендер аумағында санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру мақсатында көктемгі және күзгі екі айлық өткізілді. Екі айлық барысында 6 рет жалпы қалалық сенбіліктер ұйымдастырылды.

«Елді-мекендерді абаттандыру және көгаландыру» және «Санитария» бағдарламалары бойынша мердігер «Отарова А.У.» ШҚ болып табылады. Атқарылатын жұмыстары: гүл егу, оны күтіп ұстау, суару, түптеу, «Көшені жарықтандыру» бағдар­ламасы бойынша «Горэлектросеть» АҚ, жұмыстарды атқаруда. Берілген тапсырыстар уақытылы орындалады

Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөнінде келесі жұмыстар жүргізілді: қысқы маусымда жолдар тазалығын бақылауға алынды, су тасқынының алды-алу бойынша Жыланды өзенінде тәулік бойы бақылау жүргізілді, жазғы ауқытта Сәтбаев ауылында өртке қарсы жаттығулар өтті.

Сонымен қатар, ТҮКШ бөлімінің мамандары «Кресто-Центр» және «Кресто-12» карьерлерінде жүргі­зілетін тәжірибелік аттыру жұмыстарының комиссия мүшесі болып, аталған жұмыстарға қатысады.

Тұрғын-үй коммуналдық саласына қатысты сұрақтар бойынша күнделікті жұмыстар жүргізілуде және тұрақты бақылауда тұр.
Ауылшаруашылық саласы

2017 жылы Жезқазған кентінде және оған іргелес жатқан елді мекендерде ауылшаруашылық кітабындағы мәліметтер бойынша 132 ірі қара мал басы, 41 ұсақ мал басы, 4 жылқы басы, 96 шошқа, 183 құс тіркелген.

Кент әкімінің аппаратымен жылына 2 рет 1 қаңтарда және 1 шілдеде Жезқазған кентінің және іргелес жатқан елді-мекендердің (Весовая, Крестовский, Перевалка, Сәтбаев ауылының) барлық тұрғын үй қорын шаруашылық бойынша есепке алу жұмыстары жүргізіледі.

Жезқазған кенті жергілікті қоғамдастығының 2017 жылғы жұмысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының «Қа­зақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңына сәйкес, Жезқазған кентінде жергілікті қоғамдастық құрылған. Есептік кезеңде жергілікті қоғамдастықтың 8 отырысы өткізілді. Жергілікті қоғамдастық шешімімен Жезқазған кенті әкім аппараты қаржылық есебінен бөлінді:
– автожолдарды қыста күтіп ұстауға және қар шығаруға – 258 мың тг.;
– Сәтбаев ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету – 714 мың тг.;
– Жезказған кентінің көшелерін жарықтандыруға – 225 мың тг.;

Көшіру бойынша атқарылған жұмыстар
«Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанындағы №1505 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Жезқазған кентінің және іргелес жатқан елді-мекендердің тұрғындарын көшіру қарастырылған.
1-кезеңі бойынша 54 нысан, 50 – көшірілді, 4 тиісті сот шешімдері шығарылды. 1-кезеңді көшіру аяқталды.

2-кезең бойынша 1102 отбасы, 789 – көшірілді, 5 – рәсімдеу барысында, 94 – тиісті сот шешімдері шығарылды бір қабатты үйлер;
200 – сот процедуралары жүргізілуде, 2 – сот шешімі бойынша мүліктік құқықтан айырылған, 12 – мүліктік құқық жоқ.
3-кезең бойынша Весовая, Крестовский, Перевалка елді мекендерінде 1632 отбасы. 3-кезеңді көшіру 2017 жылдың екінші жартыжылдығында басталды. 57 – көшірілді, 3 – рәсімдеу барысында, 61 – бекітуге жіберілді, 96 – пәтер алуға алдын-ала келісімшартқа қол қойғандар, 14 – сот процедуралары жүргізілуде, 613 –келіссөз процедуралары жүргізілуде, 283 –дайындық шаралары жүргізілуде, 549 –тұрғындардың құқықтық құжаттары жиналуда, 1 – мүліктік құқық жоқ.

Құқықтық құжаттары жоқ тұрғындар үшін қала прокуратурасы тұрғын үйді жарамды деп тану туралы талап арызын дайындады. Осы тұрғындармен ақпарат­тық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Жатақхана тұрғындарын көшіру бойынша
Жезқазған кентінде 2 жатақхана бар.
Екі жатақхана құрылысы бойынша конкурс аяқталды (жалпы ауданы 5 806 м2 болатын 208 отбасына арналған 124 пәтер). «Ажар» ЖШС-мен 2017 жылдың 20 желтоқсанында келісім шарт жасалған.

Бизнес нысандары бойынша (ШОБ)
Жалпы алғанда, үш кезеңде жалпы аумағы 20902,2 ш.м. және 3 га шаруа қожалығы бар 69 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар, оның ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынысы бойынша 4 бизнес меншік иесі 298,1 шаршы метр жалпы ауданы бар кәсіпкерлік нысандарын тұрғын емес қордан тұрғын қорына аударып, әділет органдарында тіркелді. 9 бизнес меншік иелері 1 775,8 шаршы метр жалпы ауданы бар кәсіпкерлік нысандарына жоғарыдағыдай процедуралар өткізуде. Жалпы көлемі 18 828,3 шаршы метр және 3 га шаруа қожалығын көшіру сұрағы шешімін тапқан жоқ.
Сонымен бірге, Кешенді жоспардың 11-тармағында ШОБ субъектілеріне, шаруашылық және басқа да тұрғын емес ғимараттарға өтемақы төлеу үшін республикалық бюджеттен қаражат қарастырылмаған.
ШОБ жер учаскелерін иеліктен шығару шаралары осы объектілер мемлекеттік қажеттіліктер үшін иеліктен шығарылғандар тізіміне енгізілгенде және ШОБ-қа өтемақы төлеу мақсатында республикалық бюджеттен қаржы ресурстарын бөлу кезінде мүмкін болады.
Кешенді жоспарға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне облыстың бірінші орынбасарының қолы қойылған № 12-3 / 3622 2017 жылғы 9 тамызда хат жолданды.
2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында жаңа қаржыландырудың ашылуымен ШОБ нысандарын бағалау жұмыстарын бастау жоспарлануда, ол 3 кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезеңде жалпы ауданы 100 шаршы метрге дейінгі объектілерді бағалауға арналған ашық тендер мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жарияланады;
екінші кезеңде 100 ш.м. 300 шаршы метрге дейін;
үшінші кезеңде 300 ш.м.
Кәсіпкерлермен ақпараттық және түсіндірме сұхбат жүргізілді және қажет болған жағдайда бағалау рәсімдерін өткізу үшін құқықтық құжаттарды жаңарту ұсынылды.

Қымбатты жерлестер!
Біздің ортақ міндеттерімізді шешуде түсінушілік, жанашырлық пен қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет.
Сонымен қатар, өткен жылы бірігіп атқарған нәтижелі жұмыстар үшін депутаттық корпусқа, Қоғамдық кеңеске алғысымды білдіргім келеді.
Қорытындылай келе, 2017 жылы кентімізде қол жеткізген оң нәтижелері – біздің ортақ еңбегіміз. Жаңа жылда алдымыздағы бірқатар сұрақтар мен мәселелерді шешуде сіздермен бірге нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенім білдіремін.

Комментарии закрыты.