Тарифтік саясат үнемшілдікке бастайды

Өткен аптада еліміздің табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Смағұлов, Қарағанды облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Серік Төрегелдин іс сапармен Жезқазған қаласында болып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты халыққа Жолдауында көрсетілген ТКШ-ны модернизациялау бағытын жүзеге асыруда қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын, Жезқазған жылу, электр орталығын аралап, 2011-2012 жылғы жылу беру маусымына дайындығымен танысты.

Жезқазған жылу, электр орталығының басшысы Ғибрат Төлегенов 2011-2012 жылғы жылу беру маусымына қандай дайындық жұмыстарының жүргізілгенін баяндады. Орталық басшысының айтуынша, биылғы жылы өз қарамағындағы орталықтың жөндеу жұмыстары мен модернизаци-ялауға арнап «Қазақмыс» корпорациясы 3 млрд.теңге бөлген. Бұл қаражат жылу қазандықтары, суқайнатқыштарды және т.б жаңартуға жұмсалған. Жұмыстардың бар-лығы уақытында аяқталған.

– Халықты сапалы жылу мен электрмен қамтамасыз етуде тарифтің өсуі заңды. Алайда, тарифті бірден көтеріп жіберуге де болмайды. Біздің келген мақсатымыз да осы мәселені қарастыру. Сіздердің Жолдауға – қолдау Тарифтік саясат үнемшілдікке бастайды Өткен аптада еліміздің табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Смағұлов, Қарағанды облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Серік Төрегелдин іс сапармен Жезқазған қаласында болып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты халыққа Жолдауында көрсетілген ТКШ-ны модернизациялау бағытын жүзеге асыруда қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын, Жезқазған жылу, электр орталығын аралап, 2011-2012 жылғы жылу беру маусымына дайындығымен танысты. тараптарыңыздан қандай ша-ралар атқарылуда, – деген төрағаның сұрағына орталық басшысы қазіргі таңда бұл мәселені шешуде жұмыстар атқарылып жатқанын, тариф өсетін болса, ашық түрде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігін айтты.

Бір қаланы қысы-жазы жылумен қамтамасыз етіп отырған орталықтың алдағы жұмыстарына сәттілік тілеген Агенттік төрағасы Н.Алдабергенов Жезқазған қаласының әкімдігінде ТКШ модернизациялау және энергия ресурстарын үнемдеуге қатысты жиын өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Б.Смағұлов, Жезқазған қаласының әкімі Б.Әбдіғалиұлы қатысты.

Н.Алдабергенов тариф саясаты арқылы ТКШ-ны модеризациялау тақырыбында баяндама жасады. Оның айтуынша жыл сайын ТКШ-ны дамытуға құйылған қаржының көлемі өссе де, бұл саладағы құрылымдардың 70 пайызына жуығының тозығы жеткен. Саланы модернизациялау арқылы бұл көрсеткішті 40 пайызға дейін төмендету шаралары қолға алынуда. Төрағаның екінші бір көтерген мәселесі – энергияны үнемдеу. Еліміз бойынша энергияны тасымалдау және жеткізудегі шығынның көлемі 20 пайызды құрайды. Бұл бағытта Жезқазған энергия таратушы компанияның жұмысы көңілге қонарлық деп атап өткен баяндамашы, оның шығын көлемі 9,8 пайыз болса, жылу жеткізудегі шығынның көлемі – 18 пайыз екенін айтты. Төраға ауызсудың да сапасы мен оның алдағы уақыттағы қорының жай-күйін де сөз етті.

– Ысыраппен кетіп жатқан суды үнемдеудің бірден-бір жолы – тарифті көтеру, – деп атап өткен Н.Алдабергенов энергия ресурстарының бағасына да тоқтала кетті. Біздің аймақта электр бағасы 6 теңге 27 тиын болса, елдің басқа қалаларында екі есе қымбат. Дифференциалды тариф саясатын енгізу – энергияны үнемдеудің бірден-бір жолы. Жезқазғанда жылудың да бағасы төмен. «Қазақмыс» корпорациясы шығынды жауып беріп отырғанымен, келешекте корпорацияға қарасты тұрғын үй коммуналдық шарушылығымен айналысатын құрылымдардың барлығы дерлік әкімдіктің қарамағына өтеді. Ондай жағдай болған күнде Үкімет тарапынан қолдау болмақ.

Агенттік төрағасы Н.Алдабергенов тариф көтеруде барлық жағдайдың ескерілетінін айтты. Жиынға қатысқандар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын қойды.

Көтеріліп отырған мәселе бойынша «Қазақмыс» корпорациясының жауапты тұлғалары баяндама жасады.

Жиынды қортындылай келе, Агенттік төрағасы Н.Алдабергенов шығынға ұшырап отырған жалпы өндіріс орындарының шығынын жабуда тарифтік саясатты жүзеге асыру-дың көп көмегі болатынын, сондай-ақ, ТКШ дамытудың негізі екендігін жеткізді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.