Жезділік жеткіншектер жеңіс тұғырынан көрінді

Жасөспірімдердің спортқа деген ынтасын көтеру, оның ішінде дзюдомен айналысушылардың спорттық шеберлігін шыңдау мақсатында Сәтбаев қаласында 2004-2005 жылғы туылған қыздар және 2006-2008 жылғы жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті…

Кеншілер қаласында өткен бұл додаға Жезді кенті мәдени-сауықтыру орталығының жаттықтырушылары Д.Әлімбаев пен Б.Алшынбектің шәкірттері де қатысып олжалы оралды. Бәйгеге қосқан алты балуанның үшеуі жеңіс тұғырына көтерілді.
№6 қазақ орта мектебінің оқушысы Аяулым Бексұлтан 48 келі салмақ дәрежесінде, ал аралас мектеп-интернаттың оқушысы Арай Елімбай 38 келі салмақ дәрежесінде күш сынасып, екеуі де ІІІ орынды жеңіп алса, аралас мектеп-интернаттың оқушысы Нұрхан Қуатбек 34 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынды иеленіп, Жезді кентінің намысын қолдан бермей қанжығасына жүлделі орындарды байлап қайтты.

Алма Қадырова,
Жезді кенті мәдени-сауықтыру орталығының көркемдік жетекшісі.

Комментарии закрыты.