Олимпиадаға аттанды

Қазақстан құрамасын Оңтүстік Кореядағы Олимпиада – 2018 ойындарына шығарып салу рәсімі Алматы облысында өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қазақстандық құрама дайындығының жоғары деңгейін атап өтті. «Дайындық кезеңі ойдағыдай өтті, спортшылар жақсы нәтиже көрсетеді деген ойдамын. Барлығына сәттілік тілеп, жеңістер күтеміз», – деді Т.Құлыбаев.

Қазақстан атынан ойындарға 62 спортшы барады. Олимпиада ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында өтеді.
Қысқы ойындарға шаңғы жарысы, биатлон, фристайл-акробатика және фристайл-могул құрамалары аттанды.

Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарына 90 елдің спортшылары қатысады. Барлығы 15 спорт түрі бойынша 102 жиынтық медаль ойнатылады.

Комментарии закрыты.