«Көңілді тапқырлар алаңы»

Астана қаласында қаңтар айының 22-25 күндер аралығында Тұрсынбек Қабатовтың арнайы «Көңілді тапқырлар алаңы» атты жобасы аясында фестиваль 2018 маусымашар ойыны өткізілді.

Бұл жобаның басты мақсаты – қазіргі таңдағы жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, өнерге баули отыра, қоғамдағы мәселелерді астарлы әзілмен жеткізу, жастар арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, көшбасшылық қабілетін жетілдіру.
Жалпы бұл ойынға еліміздің түкпір-түкпірінен 58 команда қатысып, 2 іріктеу кезеңінен 23 команда ғана өтті. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының намысын корғауға 2 мектепаралық КТА командалары 2 іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфирлік түсіріліміне қатысты. Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің «Әдемі» командасы өз өнерлерін жоғарғы деңгейде көрсетіп, Республикалық мектепаралық лигасына жолдама алды.
Осы сәтті пайдалана отырып, «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Қарағанды филиалына және филиал төрағасының 1 орынбасары Шыңғысов Бауыржан Қабденұлына арнайы алғысымызды білдіре отырып, «Көңілашар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Батырлан Сейтжаппаровқа, Самат Жылқайдаровқа, Сәтбаев қаласының әкімі мен білім бөліміне, мектеп директоры Гүлмира Жаппасоваға және оқушылардың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз!!!

Т.Примова,
«Әдемі» командасының жетекшісі.

Комментарии закрыты.