Жастар арасында талқыланды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жастар арасында насихаттау мақсатында қаламыздағы Достық үйінде ақпараттық-түсіндіру тобы кездесу өткізді.

Сәтбаев қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Жайлаубаев жиналғандарға іс-шараның маңыздылығын тү­сіндіріп, Жолдаудың еліміздің болашағын айқындай түсуге ықпал ететін он негізгі міндет­теріне тоқталып өтті.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Біз сая­си тұрақтылық пен қо­ғам­­дық келісімнің арқасында экономикамызды, сая­са­тымызды және санамыз­ды жаңғыртуға кірістік. Техно­логиялық және инфра­құры­лымдық тұрғыдан даму­дың жаңа кезеңіне тың серпін берілді. Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» деген болатын. Сондықтан еліміздің ертеңі баянды болып, дамыған мемлекеттердің қатарына кіру үшін әрбір қазақстандық, әсіресе, жастар қажырлы еңбек етуі қажет. Осыған байланысты келесі кезекте сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының Қараған­ды облысы бойынша жастарды үйлестіру кеңесінің төрағасы Александр Урмашов Жолдаудың басты бағыттарын іске асыруда жастардың орны ерекше екендігін атап айтты.
– Елбасымыз айтқандай, бүгінде әлем Төртінші өнер­кәсіп­тік революция дәуіріне, технологиялық, эконо­ми­­ка­­лық және әлеуметтік сала­лардағы терең және қарқынды өзгерістер кезе­ңіне қадам басып келеді. Биылғы Жолдау – жаңа әлемге бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайтын басты құжат. Осы орайда еліміздің алдағы дамуында, бәсекеге қабілетті мемлекет құруда жастардың атқарар рөлі зор. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында нақты іс-қимыл жасау үшін біздің жастарымыз білімді, жан-жақты дамыған, жаңа технологияларды жіті меңгерген кәсіби маман болуы қажет. Ол үшін мемлекет барлық жағдайды жасап отыр. Болашақ ұрпақ заманауи технологиялар мен инновацияларды меңгере отырып, ұлттық құндылығымызды жоғалтпай, дәріптеуі тиіс, – деді Александр Урмашов.
Жолдауды талқылау барысында Сәтбаев қаласының қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы Малая Юрате, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әйгерім Сейтжанова да өз ойларын ортаға салып, «Рухани жаңғыру», «Туған жер» атты мемлекеттік бағдарламалар жайында мәліметтер берді. Сондай-ақ, жиынға қатысқан ұстаздар мен белсенді оқушылар Жолдауды қолдайтындықтарын және жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді.

Марал Шахаева.
Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.