Бірінші орындарды жеңіп алды

Қаңтардың 19-нан 21-не дейін дзюдо бойынша бірінші рейтингтік турнирі – Тунистегі Әлемдік Гран-при кезеңі өтті. Жарысқа 46 елдің 335 спортшысы қатысты. Қазақстан құрамасына 73 килограммға дейінгі салмақ дәрежесіндегі алғашқы алтын медальді қарағандылық Жансай Смағұлов алып келді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы.

Ал, Теміртаулық татами шебері Ислам Бозбаев Тунисте төрт жекпе-жектің төртеуін де жеңіп шығып, алтын медаль ұтып алды.
Дзюдо бойынша Гран-при кезеңінің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші болды, біздің спортшылар бес медаль ұтып алды – екі алтын және үш қола.
Гран-придің келесі кезеңі Париж каласында ақпанның 10-ы мен 11-і аралығында өтеді.

Комментарии закрыты.