47 елді мекен дербес бюджетке ие болды

Қарағанды облысында жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеттері жалпы халық саны 2000-нан асатын 47 елді мекенде бекітілді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы. 

– 2018-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап облыстың 47 елді мекендерінде дербес бюджет бекітілді. Жалпы көлем 5,8 млрд теңгені құрады. Мен жергілікті кадрлардың даярлығын, аймақтардағы әкімдіктердің техникалық жабдықталуын, сапалы интернетпен қамтамасыз етілуін сараптауды тапсырған болатынмын. Қауіп, проблемалар болатынын түсіне білу қажет, – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.
Техникалық тұрғыда аймақтық әкімдіктер барлық қажеттілермен жабдықталған. Тек кадрлық мәселе қиындық тудыруда. Мемлекеттік қызметкерлердің тапшылығын «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы шешу көзделіп отыр.
Қарағанды облысында 202 кенттік әкімдіктер қызмет етеді. Халқы 2000 адамнан аз болатын 155 елді мекен бар. Олардың барлығы 2020-шы жылдан бастап дербес бюджетке ие болады деп жоспарлануда.

Комментарии закрыты.