Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын алу жолы жеңілдейді

Биыл елiмiзде еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын e-gov арқылы беру жүйесi ретке келтiрiлмек, деп хабарлайды BNews.kz. Сондай-ақ, тегін дәрі-дәрмектi «есікке дейін» жеткізу пилоттық жобасы іске қосылмақ.

Бұл туралы «Денсаулық сақтау саласын цифрландыру» тақырыбындағы Үкiмет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов айтты. Биылғы жылғы бірінші тоқсанның соңында «электрондық үкімет» порталы арқылы еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары мен туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, наркологиялық ұйымдардан алынатын анықтамаларды беру жүйесi ретке келтіріледі. Сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ-мен бірлесiп, тегін дәрілік заттарды «есікке дейін» жеткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады.
Министрдiң айтуынша, денсаулық сақтау саласын цифрландыру экономикалық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Комментарии закрыты.