Әдемі нөмірлер сатылымға шықты

Енді ел жүргізушілері өз атының бас әрпі мен ұнатқан сандары бар көлік нөмірлерін сатып ала алады, деп хабарлайды Today.kz.

Қызметтің мұндай түрін Ішкі істер министрлігі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының көмегімен 15 қаңтардан бастап жүргізе бастаған. Әдемі нөмірлерді таңдау үшін жүргізушілер сол орталыққа барып өтініш толтыру керек. Жалпы, әдемі нөмірлер саудасы 2014 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл жолғы жаңалық, әркім әріптерді өзі қалаған күйінде жаздыра алады. Бірақ, оның өзіндік құны да бар. Мәселен, 010, 020, 030 деген нөмірлер шамамен 138 мың теңге тұрады. Ал оған қалаған әріптерді қоссаңыз, 276 мың теңгеден асып жығылады.

Комментарии закрыты.