Қайырымдылыққа қол соз

Қаламызда «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы бойынша айлық өткізілуде. Акция мақсаты – оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау, сондай-ақ, аз қамтылған көпбалалы отбасылардың, жетім мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және басқа да санаттағы материалдық көмекке мұқтаж әлеуметтік қорғалмаған балаларға қолдау көрсету. Сәтбаев қалалық білім бөлімінің бас маманы Салтанат Айжанованың сөзінше, аталған шара ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жалпы оқыту айлығы шеңбері негізінде әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетілмек. 10 ақпанға дейін жалғасатын акцияға шаһарымыздың барлық білім беретін мекемелері атсалысуда. Мұқтаж жандарға бірге қолдау көрсетейік, құрметті оқырман!

Нұрлат Қонысбай.

Комментарии закрыты.