Ақпараттық топ ақжелеңділермен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы денсаулық саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Аудандық ақпараттық топтың мүшесі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айна Әбілова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Мақсұт Ахметов орталық аурухана ұжымына биылғы Жолдаудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын жүзеге асыру жолдарын кеңінен баяндады.

Баяндамашылар өз кезектерінде Елбасы  Жолдауының  басты бағыттарына  тоқталып, білім деңгейін арттыру, денсаулық сақтау мәселелеріне, еңбек нарығының тиімділігіне кеңінен түсінік берді. Әрине, кездесу ауылдағы ақжелеңділер арасында өткендіктен, денсаулық  саласы бойынша кеңінен әңгіме қозғалып, Елбасы Жолдауында айтылған «ақылды технологияны» енгізу жолдары кеңінен сөз болды.

Аманкелді Ақшал.

Комментарии закрыты.