Жаңа Заңға қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы «1996 жылғы 9 желтоқсанда Нью-Делиде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.
ҚР қаржы Министрлігінің мәліметінше, соңғы он жылда Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда айналымы бес миллиард долларды құраған, ал үнді инвестициясының көлемі – 222 миллион доллар.

Комментарии закрыты.