Бірлесіп атқарған іс нәтижелі болмақ

Дүйсенбі күні қала әкімдігінің жанынан құрылған Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Отырыстың жұмысын қала әкімінің орынбасары, Консультативтік-кеңесші органның төрайымы М.Мәдиева жүргізді.

Отырыс жұмысына ішкі істер бөлімінің, қылмыстық атқару инспекциясының, Жезқазған қаласы туберкулезге қарсы диспансерінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, т.б. мемлекеттік мекемелердің басшылары мен жауапты мамандар қатысты.

Күн тәртібінде ағымдағы жылдың 8 айында қаланың құқыққорғау және құзіретті органдарының сотталып келген, бас бостандығынан айырылған азаматтардың еңбекпен қамтылуы, әлеуметтік ортаға үйренуі, тұрмыстық жағдайын жақсартуда атқарып жатқан жұмыстары талқыланды.

Алғаш болып ІІБ бастығының орынбасары А.Каримов өз саласында атқарылып жатқан жұмысын баяндады. Оның айтуынша 53 азамат түзеу мекемесінен босатылған. Бөлім оларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, жұмыспен қамтылу жағына баса мән береді. 12 адам жеке кәсіпкерлерде еңбек етуде. Қалғанына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдама берілгенімен, жұмыс істеуден бас тартқан.

Бөлім туберкулезге қарсы диспансермен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тығыз қатынаста жұмыс жасайды.

Одан кейін қылмыстық атқару инспекциясының бастығы Жанғазы Жангельдин баяндама жасады. Осыған дейін Әділет министрлігінде болып келген инспекция Ішкі істер министрлігінің қарамағында жұмыс жасап жатыр. Бұл инспекцияның жұмысы да қанағаттанарлық.

Жиын барысында мекемелердің бір-бірімен тығыз қатынас жасаудағы мәселелері қозғалып, мамандар пікір алмасты.

Отырысты Марал Сағынайқызы бірлесіп атқарған істе нәтиже болмақ деп орытындылады.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.