Болашақ дамудың 10 қадамы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы» еліміздің болашақтағы даму жолын көрсетіп берген айрықша жолдау екендігін айтуға тиістіміз. Әлемді тұрақсыздық пен дағдарыс жайлаған кезеңде еліміз үшін Президентіміздің Жолдауы маңызды әрі өзекті болып табылады.

Қазақстан Төртінші өндірістік революцияның қажеттілігін терең ұғынып, оған қолдау көрсеткен жағдайда ғана ең дамыған елдердің қатарына қосыла алады. Осыған байланысты Елбасы өз Жолдауында батыл шараларды ұсынады. Жолдауда республика тұрғындары құқығы мен мүддесін қорғау жөніндегі Үкіметтің орындайтын міндеттері белгіленген. Үкімет пен әкімдіктер үшін қауіп-қатердің алдын алу саясаты қашан да маңызды екеніне халық сенімді болуы тиіс.
Елбасымыздың бастамасымен қазір елі­мізде жүзеге асырылып жатқан Индустрияландыру, «Цифрлы Қазақстан» сияқты бағ­дарламалар мен жобалар төртінші өнеркәсіптік революцияның жүзеге асуына ықпал етеді.
Жолдаудың он страте­гиялық жоспарында көр­сетілген өзекті мәсе­лелердің барлығы — жаңа заманға лайықты еліміздің даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыт­тар.
Елбасымыз дағда­рыстың қиындығына қарамастан, әлеуметтік салаға зор көңіл бөліп отыр. Мемлекет қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғауға одан әрі кепілдік береді. Жаңа Жолдауда адам капиталына басты назар аударылып отыр. Адам капиталын дамыту арқылы еліміз Жолдаудағы он міндетті абыроймен атқарып шығады. Әрбір адам өз ісінің маманы болу, кәсіпті шеберлікпен меңгеруге ұмтылса ғана еліміз дамып, шынайы өркендеудің бастамасы бола алады. Әрбір азамат тек еңбекпен ғана ауқатты тұрмысқа, жақсы өмірге қол жеткізе алатындығын Елбасымыз жастарға ұғындырып қана қоймай, мемлекетіміз азаматтар нақты кәсіпті игеру үшін барлық іс-шараларды жүзеге асыратындығын дәлелдеді.
Мемлекеттік орган­дардың тұрғын­дармен және бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылын сандық негізге көшіру туралы тапсырма беріліп отыр. Бұл мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсетуін жеңілдетеді.
Азаматтардың консти­туциялық құқығына бері­летін кепілдіктерді нығайту, елімізде заңның үстемдігін қамтамасыз ету жұмыстары өз жалғасын табады. Сонымен бірге, депутаттар да Президентіміздің Жолдауын іске асырудың заңнамалық негізін қамтамасыз ету жұмыстарын іске асырады. Биылғы Жолдау елімізді жаңа жетістіктерге жетелеп, қиындықты еңсеріп, жаңа дамуға жол бастайды!

Қайрат Балмағамбетов, Сәтбаев қаласының мәслихат депутаты.

Комментарии закрыты.