ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ҮШІН – «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»

Елімізде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын олимпиада өткізіледі. Биыл осы республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы оныншы рет өткізіліп отыр.

Жалпы білім беретін мектептердің арасында олимпиаданың қалалық кезеңі ағымдағы жылдың 31 қаңтары күні № 1 мектеп-гимназияда өтті. «Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 бағытты қамтыды:
«Тілші-әдебиетшілер» (қазақ тілі мен әдебиеті);
«Жас ғалымдар» (ғылыми жоба);
«Жазушылар» (жазбаша шығармашылық жұмыс);
«Сөз шеберлері» (мәнерлеп оқу);
«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).
Олимпиадаға осы бағыттар бойынша барлығы 62 оқушы қатысты. Әр бағыт бойынша бірінші орын иегерлері 23 ақпанда Жезқазған қаласында өтетін аймақтық байқауға қатысады.

Қ.Жарылғапова,
«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ әдіскері.

Комментарии закрыты.