«Ел болашағы – білімді ұрпақ»

Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету мақсатында №9 жалпы орта білім беретін мектепте жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің онкүндігі өткізілді.

Онкүндікте «Волейбол ойыны» – 7-9 сыныптар аралығында командалық жарыс (мұғалімі С.Сулей­менов), «Өсімдіктер қозға­лысы – 7 сыныптағы қорытынды сабақ (мұға­лімі Н.Жәнібекова), «Химия ғажайыптар әлемі» – 7-9 сыныптар аралығында оқушылардың тәжірибе жұмыстарының сайысы, «Металлдар және олардың қосылыстарының табиғи орта және тірі ағзалар үшін маңызы» – 9 сынып тақырыбы бойынша ашық сабақ (мұғалімі Г.Курымбаева), «Знатоки географии» – 5 сынып оқушыларымен интеллектуалды танымдық ойын (мұғалімі Г.Кидербаева), «Ағаш өңдеу және ағаштарды көркемдеп өңдеу технологиясы» – 7 сынып ұлдарымен ашық сабақ (мұғалімі М.Магзумов) ұйымдастырылып өткізілді.
Бұл сабақтарға оқушылар белсене қатысты. Себебі, онкүндікке қатысқан әр пән мұғалімдері әр түрлі әдіс-тәсілдер, заманауи технологияларды қолданып сабақтарды қызықты өткізе білді және әр оқушының ерекше дарындылығы мен тұлғалық дамуына жағдайлар жасалды. Әр пән мұғалімдері оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану негізінде оқушыларды сындарлы ойлау дағдысын қалыптастырып, танымдық-шығармашылық қабілеттерін жетілдіруді алдына мақсат етіп қойды.
Онкүндікте өткізілген барлық шараларды қорытындылау мақсатында жиын ұйымдастырылып, мектеп басшысы Райхан Бапанова онкүндіктің жоғары деңгейде өткендігін айтты. Барлық іс-шараларға белсене қатысқан оқушыларға Алғыс хаттар тапсырылды.
Г.Курымбаева,
химия және биология пәні мұғалімі.

Комментарии закрыты.