Жезқазғанда кардиохирургиялық орталық ашылады

Наурыз айында Жезқазған қаласында кардиохирургиялық орталық ашылады, оның мамандары арнайы оқудан өткен, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы.

– Бүгінгі таңда облыста «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тұрғысынан анағұрлым маңызды бөлек бағыттар бойынша 7 мамандандырылған ахуалдық орталықтар қызмет етуде, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Асқар Хорошаш. – Бұл біздің емделушілерге бірінші кезекте дертті диагностикалауда жоғары технологиялық тәсілдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ахуалдық орталықтар облыстық кардиоорталық, облыстық медицина орталығы, онкодиспансер, тубдиспансер, Мақажанов атындағы травмотология және ортопедия орталығының жанынан ашылды.

Комментарии закрыты.