Көмек көрсету орталығы ашылмақ

Жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету орталығы Қарағандыда биылдан бастап жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы.

– Қазіргі таңда республикамызда «111» жедел қызметі жұмыс істейді. Бұл бала құқығы бойынша уәкілетті штаб-пәтер үйлестіретін сенім телефоны. Қарағандыда біз сәйкесінше даярлықтан өткен психологтар жұмыс істейтін ахуалдық орталық ашқымыз келеді. Ол жасөспірімдеріміздің тек республикалық орталықта ғана емес, сонымен қатар, бізде де көмек алуға мүмкіндіктері болуы үшін керек, – деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев.
Жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу бағдарламасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оқыту мақсаттарына 20 миллион теңге бөлінді.

Комментарии закрыты.