Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – қызмет берушілердің жұмысын бағалаудың басты өлшемі

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты арқасында қоғам дамуының барлық­ саласында түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде мемлекет­тік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет­ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Қазіргі таңда заман талабына сай мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділікті арттыр­уға бағы­тталған игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қа­зақстан-2050» Стратегиясында: «Мем­лекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» – деп атап көрсетілген. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қыз­метінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударылып келеді.
Мемлекеттік қызмет көрсе­тудің сапасы мемлекеттік орган­дардың жұмысын баға­лаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қыз­мет көрсету барлық салада, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
Елбасының жыл сайынғы Қазақ­стан халқына арналған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қыз­мет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қыз­метіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жыл­ғы 10 қаңтардағы «Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағ­дай­ындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» Жолдауында: «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйе­­лерінің интеграциясы «бір өті­ніш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден ке­­шенді қызмет көрсетуге көшуге мүм­кіндік береді. Сонымен қатар, табиғи монополия субъектілері көр­се­­тетін қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жал­ғастыру керек» деген болатын. Мемлекет басшысының мұн­­дай саясаты еліміздің одан
әрі өркендеуіне, халқы­мыз­­­дың әл-ауқа­тының жо­ғары­лауына, сыбайлас жем­­­­қо­рлық көріністері мен бюро­краттық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін.
Қазіргі таңда мемлекеттік қыз­­мет түрлері электрондық жә­не қағаз түрінде көрсетілуде. Көр­сетілетін мемлекеттік қызмет түр­лерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» (ХҚКО), www.elicense.kz
«Е-ли­­цен­­зиялау», www.egov.kz «элек­­трон­дық үкімет» веб-порталы
және қызметті берушінің кеңсесі арқылы алуға болады.
Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік органдар арнайы ақпараттық стендпен жабдықталған. Онда көр­сетілетін қызметтің түрлері, уақыты, және т.б. мәліметтер орна­ластырылған.
Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен пайдаланылуда.
Мемлекет басшысы Н.Назар­баевтың «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаң­тардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құ­жат­тардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек делінген.
Осыған орай, облысымыздың қала және аудандарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді элек­трондық түрде алуға шақыратын іс-шаралар жақсы қарқынмен келе жатыр.
Мысалға, қызметті элек­трондық түрде алуға шақыратын облысымызда жүзден астам баннерлер ілінген, әр ауданмен қалалардағы жергілікті телеарналары, ел көп шоғырланатын жерлердегі Led экрандары арқылы
«E-gov» туралы бейнероликтар көрсетілуде.
Аталмыш шаралардың ар­қа­­­сын­да, облысымызда элек­трон­дық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу­шылардың саны едәуір арта түсті. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2016 жылдың қорытындысы бойынша облыстың экономикалық белсенді 230 397 немесе 33% тұрғындары ЭЦҚ қамтамасыз етіл­ген. 2017 жылдың қорытындысы бойынша аталмыш көрсеткіш
11% не­месе 71 687 тұрғынға артып отыр. Осы шаралардың барлығы Елба­сымыздың Жолдауын жүзеге асыру жолындағы бір тетік деп ойлаймын.
Ендігі талап, қоғамымыздағы барлық қызмет алушылардың азаматтық белсенділікті танытып, Елбасымыздың алға қойған мақсаттарды іске асыруға ынта білдіруінде. Соның бірі, қазірден бастап қызметтерді электрондық түрде ЭЦҚ арқылы алуды өзімізден бастауымыз қажет. «Өзіңнен баста» қағидатын алдыңғы орынға қоймасақ, барлық істеліп жатқан жұмыстардың нәтижесі оң болмайтынын бәріміз білгеніміз абзал.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән беруде.
М.ТАЛҒАТҰЛЫ,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы.

Комментарии закрыты.