«Ауғанстан – жүректегі жара»

Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені, бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды.

Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіттер Ауған соғысына аттанды. Олар соғыстың мән-жайын ұғар-ұқпастан кете барды. Мұнда қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың бір ғана міндеті бала жастан санасына сіңірілген патриоттық тәрбие, Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді.
Осыған орай Абай атындағы №4 мектеп-лицейде «Ауғанстан – жүректегі жара» атты әскери-патриоттық әндер байқауы өтті. Кеште ауған соғысына қатысқан жауынгерлерді еске алып минуттық үнсіздік жарияланды. Мереке барысы ауған соғысы туралы слайдтармен көркемделіп бейне клиптармен ұштасты. 8, 9- сынып оқушылары арасында өткізілген байқау жоғары деңгейде өтті. Себебі, әр сынып оқушылары үлкен жауапкершілікпен ауған соғысы жылдарындағы әндерді айтып, жүрек тебірентер көріністер қойды. Мерекенің соңында байқау қорытындысы анықталып, жүлделі ІІІ орынды 10 «А», ІІ орын 9 «Б», ІІ орын 8 «Б» (о.б.), І орын 8 «Б», 9 «А», 10 «А»(о.б.) сыныбы және бас жүлдені 8 «А»(о.б.), 9 «В» сынып оқушылары иемденді.
Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы – Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.

А.Кенжебаева,
Абай атындағы
№4 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі.

Комментарии закрыты.