Ерлікке тағзым – ұрпақ парызы

Өткен аптада №16 жалпы орта білім беретін мектептің 8 «А», 8 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Ерлікке тағзым ету – ұрпақ парызы» деген тақырыпта Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Оған мектептің ұйымдастырушы-ұстазы М.Исанбай мен аға тәлімгер А.Қасымбекова ұйытқы болды.

Кездесуге Жезқазған аймағы бойынша Тәжік-Ауған қозғалысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Қайсар Бимұратов пен Тәжік-Ауған соғысының ардагері Самир Мамедов қатысты. Кездесуге келген Ауған соғысы ардагерлеріне болашақ жауынгер оқушылар алғашқы әскери дайындықтағы өздерінің оқып-үйренгендерін іс жүзінде көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Оның соңы сыр-сұхбатқа ұласты. Оқушылар өздерін толғандырған, қызық­тырған сауалдарын қойып, ардагерлермен әңгіме жарастырды. Келген қонақтар балаларға әскери өмірлерінен сыр шертті.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.