Мерекені атап өтті

Жақында №5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасында ІІ «В» кіші «Лучик» тобының қатысуымен «Подружки – затейницы» атты ашық оқу-қызметі өтті.

Тәрбиеші Раушан Уразымбетова ұйымдастырған бұл ашық сабақ орыс халқының ұлттық мерекесі Масленицамен тұспа-тұс келді. Оқу қызметі барысында тәрбиеші балаларға орыс халқының ағаштан жасалған ұлттық ойыншығы «Матрешканың» шығу тарихымен таныстырып, олардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы жайында мағлұмат берді. Сонымен қатар, жаңылтпаштар айтып, жұмбақтар жасыру арқылы балалардың бойына білім сіңірді.
Іс-шара барысында бейнелеу өнері маманы Ж.Магзумова орыс халқының ұлттық киімін киіп, балаларға қонақ болып келді. Одан әрі барлығы бірлесіп «Көңілді матрешкалар» биін билеп, құймақтардан ауыз тиіп, самаурыннан шәй ішті.

Қызықты әрі тартымды өткен оқу-қызметі балалардың моншақтар жасап, матрешканы безендіру жұмысымен аяқталды.

Б.Оспанова,
балабақша тәрбиешісі.

Комментарии закрыты.