Елбасының биылғы Жолдауын

Елбасының биылғы Жолдауын, саяси және экономикалық жағда йы мен өркендеуін халық арасына кеңінен жеткізу мақсатында ақпараттық насихаттау топтары мемлекеттік мекемелердің, білім ошақтарының қызметкерлерімен жүздесіп, өз жұмыстарын жүзеге асыруда. Осындай мақсатпен өткен аптада №27 мектептің директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қымбат Жарасова №3 кәсіптік лицей ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында дағдарыстан дамуға жетудің нақты қадамдарын көрсеткен Елбасының Жолдауын талқылап, көрегендігімен бастау алған «Жол картасының» бүгінгі күнгі нәтижесіне тоқталды. «Жол картасы» бойынша бой көтерген кеңестік-диагностикалық емхана, бағдарлама бойынша қайта жөндеуден өткен мектептер және осы бағдарлама арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтып, мамандарды қайта даярлау жұмыстарының жүріп жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, экономиканың аса маңызды мәселелерін шешу үшін облысымызға, оның ішінде біздің қаламызға бөлінген қаржының тиімді пайдаланылып, жергілікті өзекті мәселелерді шешу жолына бағытталғанын айтып өтті. Сонымен қатар, баяндамашы әкімшіліктің қадағалауымен қаламыздағы бағаның тұрақтандыруда іс-шаралар жүргізіліп, соның бірі әр сенбі сайын өтетін жәрмеңке екенін айтты. Жиналыс соңында еліміздің жалпы саясаты жөнінде кәсіптік-лицей оқытушылары бірнеше сауалдарына толық мағлұматтар алды. Бұл күнгі кездесуді қорытындылай келе лицей директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Идрисова уақытын бөліп келген Қымбат Мырзатайқызына алғысын білдірді.

Комментарии закрыты.