Ұлт денсаулығы – қоғам байлығы

«Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді ел дамуының Стратегиясында ең маңызды басымдықтары Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, білім алу  және әлауқатын жақсарту болып табылады. 1999 жылдан бастап жыл сайын қыркүйек айында республиканың барлық аймағында «Денсаулық фестивалі» өтеді. Биыл бұл фестиваль еліміздің мерейлі мерекесі – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында және сүйікті қаламыздың туған күні қарсаңында өтуімен ерекшеленді.

Қ.И.Сәтбаев даңғылы бойында фестиваль салтанатты түрде ел Әнұранымен ашылды. Бұқаралық спортты дамытуды көздеген шараға қала әкімінің орынбасары М.Мәдиева, «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаев, қалалық мәслихаттың хатшысы С.Имамбай және т.б мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Салтанатты ашылу мектеп оқушылары мен технологиялық колледждің, №3 кәсіби лицейдің студенттері мен қаланың намысын облыстық, республикалық дәрежедегі жарыстарда қорғап жүрген спортшылардың шеруіне ұласты.

Қала әкімінің орынбасары М.Мәдиева, ардагер спортшы, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі басшысының орынбасары Амантай Байторин, осы мектептің тәрбиешісі Кристина Синьковская жиналғандарды жалпы республикалық масштабта өтіп жатқан мерекемен құттықтады. Одан кейін фестивальға жиналғандар М.Әуезов атындағы №14 орта мектептің спортшы оқушылары, денешынықтыру пәнінің жоғарғы дәрежелі мұғалімі Витас Иоцуспен бірге жаттығу жасады.

Ашылудан соң Кеншілер алаңында қазақша күрестен, шахматтан, дойбыдан, кір тасын көтеруден жарыстар өтті. Комаров көшесінің бойында өткен марафон-эстафетаға қатысқандардың қатары көп болды. Қазақша күресте белдескендердің арасында 34 кг салмақ дәрежесінде Жандос Несіпбек, 38 кг салмақ дәрежесінде Әшім Дияс, 42 кг салмақта Рахымберлі Нұрболат, 46 кг салмақ дәрежесінде Әмірхан Әбжаппаров, 50 кг салмақта Мұхтар Жағыппар жеңіс тұғырына көтерілді. Кір тасын көтеруде ептілік танытқан Олжас Құрманғалиев ІІІ орынды, Анатолий Рыжинков ІІ орынды иеленсе, күштілігімен көзге түскен Думан Байнин І орынға табан тіреді.

Әкелер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Әкеммен бірге керемет» атты байқауда қаланың 6 мектебінің, атап айтқанда №4 Абай атындағы мектеп-лицейдің, С.Сейфуллин атындағы гимназияның, №15, №16, №25, №27 мектептердің оқушылары әкелерімен сайысқа түсті. Сайыстың бас жүлдесі С.Сейфуллин атындағы гимназияның еншісіне тисе, І орын №25 мектеп атынан шыққан Беркеевтер отбасына бұйырды.

Шахматтан және дойбыдан өткен жарыстың жеңімпаздары анықталып, марапатталды.

Жарыстарға, байқауларға қатысып, жүлдеге іліккендердің барлығы да ұйымдастырушылар атынан марапатқа ие болды.

Бұл күні қалалық, орталық емханалардың, Жезқазған қаласы туберкулезбен күрес диспан-серінің, ОДА қауымдастығы-ның ұйымдастыруымен жұмыс жасаған «Денсаулық қалашығы» келушілердің қан қысымын, бойын, сал-мағын өлшеп, қандағы қант құрамын анықтап берді.

Он екі жылдан бері үздіксіз өтіп келе жатқан фести-вальдің ел жастарын салауат-ты өмір салтын ұстанып, са-лауатты қоғам құруға наси-хаттаудағы рөлі айрықша. Бұл фестиваль – ұрпақтар сабақ-тастығының жалғастығын көрсетумен қатар, «Сәтбаев – балаға мейірімді қала» жоба-сының іске асуының бір пара-сы деп түсінген жөн.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.