Ұйымшылдық танытты

Үстіміздегі жылдың 5 қаңтар – 10 ақпан аралығында өткен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясында біздің №3 орта мектептің ұстаздары мен ата-аналары да үлкен үйымшылдық танытты.

Шара барысында әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетіліп, мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш акция «Қамқорлық» қайырымдылық марафонымен басталды. Оқушылар қарттардың үйлеріне барып, аулаларын қардан тазалауға және үйлерін жинаға көмектесті. Сондай-ақ, мектеп ұстаздары мен қаламыздың жеке кәсіпкерлері 6 оқушыны мектеп формаларымен, киім-кешектермен қамтамасыз етті.

А.Далаева,
№3 мектептің әлеуметтік педагогы.

Комментарии закрыты.