Шарапатты шара, игі іс

Еліміздің барлық аймақтарында жүріп жатқан «Қайырымдылық» акциясы біздің Абай атындағы №4 мектеп-лицейде «Мейірбандық –жүректен, қайырымдылық – білектен» атты тақырыппен өтті.

Акция аясында қаламыздағы қолдары ашық, атымтай жомарт жандар мектебіміздегі мүмкіндігі шектеулі, жетім, жағдайы төмен отбасы балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға мектептің белсенді ана-аналары да қосылды. Атап айтатқанда, 2 «Б», 3 «В», 4 «А» сыныптың ата-аналары, «Салтанат» сауда үйінің жеке кәсіпкері – Бағдат Шамизова, «Дом одежды» сауда үйінің жеке кәсіпкерлері – Гүлжан Жұртшы және Айгерім Ақназарова, «Тұрар» базарының жеке кәсіпкері – Нагима Шарабиденова, «М-Ломбард» ЖШС-і шарапатты шарада игі істер атқарды. Мұндай қайырымды жандардың ісіне мектеп ұжымы да, ата-аналар да дән риза, алғыстары шексіз.

Ж.Ашабекова,
Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің
әлеуметтік педагогы.

Комментарии закрыты.