Арман – адам қанаты

«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы болады. Ол арман адаммен бірге өседі, өркендейді. Ал, жоғарғы сынып оқушыларының басты арманы – мамандықты дұрыс таңдап, ата-аналарының үмітін ақтап, жақсы бір маман иесі болу.

Мен де дәл солай, мамандық таңдауда жаңылмасам деймін. Қазіргі таңда журналист болу – менің мақсатым. Өзім ойға алғандарымды қағаз бетіне түсіріп, көп кітап оқуды әдетке айналдырдым. Теледидардағы аға — әпкелерімнің сөйлеу мәнеріне тамсанамын, үлгі аламын. Болашақта жоғарғы оқу орнына түсіп, тек шындықты жақтайтын, өз маманымның иесі болғым келеді! Оқырмандарға айтарым: «Арманыңды мақсатыңа айналдыр!»

Қымбат Әбдуманап,
№27 мектептің 9 «А» сынып оқушысы.

Комментарии закрыты.