Қоғамдық қабылдау жүргізді

«Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының Сәтбаев қалалық филиалында өткен жұмада қоғамдық қабылдау өтті.

Іс-шараның мақсаты жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеп, оларға түрлі мәселелерге қатысты ақыл-кеңес беріп, әр істеріне жауапкершілікпен қарауды үйрету болды.

Қабылдауды «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ардақ Жүгінісов, «Шаңырақ» дағдарыс орталығының жетекшісі Қаламқас Абдуалиева, орталық психологы Ирина Придатко жүргізді.

Шараға қатысқан оқушылар мен ұстаздар келген қонақтармен кеңінен әңгімелесіп, оларға өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Өз тарапынан мамандар балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсетіп, құқықтық сұрақтарға байланысты тиісті кеңестерін берді.

Кездесу барысында отбасылық тәрбиенің маңыздылығы туралы сөз қозғалып, қоғамда орын алып жатқан түрлі мәселелерге қатысты балалардың пікірлері тыңдалды.

Марал Шахаева.
Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.