Тасқынның алдын алу жұмыстары пысықталды

Апат айтып келмейді. Әсіресе көктемде көптеген елді мекендерді су басып, орны толмас шығынға ұшырап жататынымыз бар. Осындай төтенше жағдайларды болдырмас үшін оған ерте бастан сақадай сай болу керек…

Ұлытау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Оспановтың төрағалығымен өткен алқалы жиында осы мәселе егжей-тегжейлі сөз болды.
Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары барысында аудан көлемінде орналасқан 15 тоғанның жағдайына бақылау жүргізілген. Жыланды селосында ауылды су алып кетуге жол бермеу үшін ұзындығы 3 шақырым шамасында топырақтан бөгет жасау жұмыстары жасалған. Сонымен қатар, Қорғасын селосы бағытындағы аудандық дәрежедегі 28 шақырым көтерме жолдың суағар құбырлары жаңартылыпты.
Су тасқынының алдын алу мақсатында Мибұлақ, Терісаққан және Борсеңгір селоларына кіреберіс жолдарда орналасқан көпірлерді, жол бойындағы барлық суағарларды қардан тазарту жұмыстарын 15 наурызға дейін аяқтау көзделуде.

Комментарии закрыты.