Балық аулау бойынша XV Әлем чемпионаты өтеді

Жылтыр қармақпен мұз астынан балық аулаушылардың XV Әлем чемпионаты Теміртау қаласының маңындағы Самарқанд су қоймасында наурыздың 12-17 аралығында өтетін болды. Оған Қазақстан, Ресей, Балтық жағалауы елдері Украина, Польша, Болгария, Швеция, Финляндия, Норвегия, АҚШ және Моңғолия елдерінен спортшылар қатысады.

Ақпанның 22-нен 24-не дейінгі аралықта жылтыр қармаққа балық аулау спорты бойынша республикалық іріктеу сайыстары ұйымдастырылды. Барлық үш кезең де Теміртаудағы Самарқанд су қоймасында өтті.
Іріктеу сайыстарының үш кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасына Павел Логвиненко, Ержан Уахитов, Дмитрий Левицкий және Тимур Ковалев (Павлодар), Дмитрий Елисеев (Қостанай) және Павел Незамутдинов (Алматы) енді.
Әлем чемпионаты CIPS және FIPSed (Спорттық балық аулау Халықаралық Федерациялар Конфедерециялары және тұщы суда спорттық балық аулау Халықаралық Федерациясы) қорғауымен өтеді.
Чемпионатты ұйымдастырушылар – спорттық балық аулау Федерациясы және Қазақстан Республикасының тұщы суда спорттық балық аулау Федерациясы.

Комментарии закрыты.