Цифрлы технология – заман талабы

Елбасының биылғы Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция, яғни дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы он негізгі міндеттер айқын көрсетілген.

Дүниежүзілік даму процесстері күтпеген қозғалыстарға себепші болып, әртүрлі қарқынды өзгерістерге әкеліп жатыр, сол себепті Төртінші индустриялық революцияның қажеттігі туындап отыр. Бұл жаңа сапалық даму, яғни цифрландыру болып табылады. Елбасымыздың Жолдауының маңыздылығы да осында. Қазақ елі жаңа технологияны жетік меңгеру үшін цифрлы технологияны жетілдіруі керек. Мысалы, электронды қызмет көрсетуді жетілдірудегі басты мақсат халыққа сапалы қызмет көрстеу болып табылады. Онлайн қызметтерін пайдалану арқылы уақыт үнемдеуге болады. Қазірдің өзінде интернеттің көмегімен теміржол, әуе билеттерін алудың өзі халыққа көрсетіліп жатқан қызмет. Ол бұрынғыдай халықтың кассаға тәуелділігінің кемуіне және уақыттың үнемделуіне әкеледі. Оқуға түсу, жұмысқа тұру үшін де қажетті анықтамаларды интернет арқылы үйде отырып рәсімдеуге мүмкіндіктер жасалуда. Бұдан басқа да қашықтықтан оқыту, электронды кітап оқу, мектептердегі электрондық күнделікті жүргізу және оның ата-аналарға қолжетімділігін арттыру, емханаға бармай-ақ дәрігердің қабылдауына жазылу, қажетті тауарларға интернет желісі арқылы тапсырыспен қол жеткізу, міне, осының бәрі цифрлық экономиканың дамуы.

Қазынашылық жүйесінде де жылдан жылға жаңарудың жаңа қадамдары жасалып, жаңа өзгерістер енгізілуде. Соның бір көрінісі – «Қазынашылық-клиент» АЖ-сі арқылы электрондық қаржылық құжаттардың өңделіп, мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету тиімділігінің артуы. Мемлекеттік мекемелердің қаржы қызметкерлерінің қағаз тасығышта құжаттарын дайындап, оны кестеге сәйкес ұсынып, өңделіп болғаннан соң шығыс нысандарымен қоса қаржы құжаттарын келіп алып кетуі ұмыт болды. Қазіргі таңда есеп қызметкерлері жұмыс орнында отырып-ақ электронды түрде қазынашылық басқармасының қызметін ала алады және жылдан жылға қызмет алуға жіберетін уақыты да кемудің үстінде. Сонымен қатар, кейбір қызметтер жүйеде интеграцияланып, қызмет алу оңтайландырылуда. Жолдауда айтылғандай, әрбір бағыттың берері көп, тек оны тиімді пайдалана алу керек. Елбасымыздың салиқалы саясатының негізі болып отырған цифрлық технология өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы қажет.

М.Мухәділ,
Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасының басшысы.

Комментарии закрыты.