Ұлытауда жаңа прокурор

Ұлытау ауданына жаңа прокурор тағайындалды. Оны аудан әкімі Әнуар Омардың төрағалығымен өткен актив отырысында Қарағанды облысы прокуратурасының аппарат басшысы Нариман Кервенов арнайы келіп таныстырды.

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Ұлытау ауданының прокуроры болып Таттекенов Қанат Қайроллаұлы тағайындалды. Жаңа прокурорды елмен таныстыруға келген Қарағанды облысы прокуратурасының аппарат басшысы Нариман Кервенов іс-тәжірибесі мол Қанат Қайроллаұлына жұмыс барысында сәттілік тілей отырып, аудандағы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарының заңдылығын сақтауда жемісті еңбек етуге тілек білдірді.
Өз кезегінде аудан әкімі Әнуар Серікбайұлы осы уақытқа дейін аудандық прокуратурада елеулі еңбек еткен Қоңырат Манаповқа алғысын білдіріп, алдағы қызмет жолына табыс тілеп, сый-құрмет көрсетті.

Жаңалықтарды қараған
Аманкелді Ақшал.

Комментарии закрыты.