Мобильдік қосымшада қайырымдылық жасай аласыз

Елордада «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры арнайы мобильдік қосымшаны таныстырды. Аталған қосымшаның көмегімен қазақстандықтар көмекке мұқтаж азаматтарға ақша аудара алады. Бұл туралы қайырымдылық қордың президенті Гүлмира Әбілдинова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

– Біз қайырымдылықты кез келген азамат жасай алады деген пікірдеміз. Осы орайда «Қазақстан жақсылық жасайды» атты арнайы мобильдік қосымша жасап шығардық. Оны Playmarket, Appstore қосымшасынан оңай жүктеп алуға болады. Осылайша, азаматтар өз ұялы телефонындағы батырманы басу арқылы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасай алады. Сондай-ақ, азаматтар өз қаржысының қайда кетіп жатқанын бақылауға мүмкіндігі бар, – деді ол.

Оның айтуынша, егер Қазақстанның 8 млн экономикалық белсенді азаматы бір күнде 365 теңгесін қайырымдылық қорына аударса, «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры 40 оңалту орталығын ашып, церебральді сал ауруына шалдыққан барлық балаға көмек көрсете алады екен.

Комментарии закрыты.