Аналар мен қыздары бақ сынасты

Қаламыздағы №23 «Айналайын» бөбекжай балабақшасының ересектер «Б» тобында «Аяулы ана, инабатты қыз» атты сайыс өтті. Оған осы топтың тәрбиешілері Гулзат Сәрсенбаева мен осы жолдардың авторы мұрындық болды.

Баланың анаға деген мейірімін, сүйіспеншілігін арттырып, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету, балалардың бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға негізделген сайысқа ересек тобынан алты ана мен қыз балалар қатысып, бақ сынасты. Сайыс таныстару, шебер қолдар, сән көрсету, «Ана мен қыз биі» сияқты төрт бөлімнен тұрды.

Аналары мен қыздарының дайындығы өте жақсы деңгейде болды. Әсіресе таныстыру бөлімі көрермендерді бір серпілтіп тастады. Ал, шебер қолдар бөлімінде, ана мен қыз үйде бірге жасаған жұмыстарын таныстырып, бәрін тәнті етсе, сән көрсету бөлімінде ана мен қызы өз қолдарымен жасаған көйлек үлгілерін жұртшылық назарына ұсынды. Соңғы бөлімде барлық қатысушылар бірге би билеп, сайысты әсерлі ете түсті.

Байқауды бағалаған қазы­лар алқасы әділ шешім қабылдап, қорытынды шы­ғарды. Нәтижесінде Бас жүл­дені Айзере Төлеу мен анасы Қымбат Даутова қанжығасына байлады. Ал, І орынды Айшабибі Тілеуқабыл мен анасы Әсем Рашатова жеңіп алды. ІІ орын Інжу Нұрлан мен анасы Ботагөз Толқынбековаға бұйырса, ІІІ орынды Айша Қасым мен анасы Луиза Жылқыбаева және Аяулым Сүлкеева мен анасы Айзада Құсанова өзара бөлісті. «Көрермен көзайымы» номинациясына Іңкәр Көбетай мен әпкесі Нұрсая Көбетай ие болды.

Сондай-ақ, барлық қатысушаларға мадақтама мен бағалы сыйлық берілді.

Сайыстан бөлек ересектер «Б» тобының барлық балалары ертеңгілікке белсене қатысып, би де биленіп, ән де шырқалды.

Венера Кұрманхожаева,
ересектер «Б» тобының тәрбиешісі.

Комментарии закрыты.