Жас отбасына құрмет

«Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының бастауымен жас отбастарын құрметтеу шарасы өз жалғасын табуда. Қаламыздың туған күні қарсаңындағы марапатқа Ержан Дощанов пен Арайлым Ерсейітова ие болды. Жас жұбайларға арналған рәсімді Сәтбаев қалалық Әділет басқармасының АХАЖ бөлімі өткізді.

Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер ғимаратындағы қуанышқа қаланың Құрметті азаматы, ақын Зейнеп Әбілбекова, жаңа отбасының туған-туыстары, жолдастары ортақтасты.

АХАЖ бөлімінің іс жүргізушісі Б.Ахмедия той иелерін құттықтап, неке куәлігін тапсырды. Ақын анамыз жастардың мойнына лентасын тағып, сертификат тапсырды. Қаламызға кеңінен танымал З.Әбілбекованың жастарға арнаған жүрекжарды өлеңін тойға қатысушылар ерекше қабылдады.

Екі жастың та мамандықтары құрметке лайық. Ержан №2 шахтапроходкалау басқармасында ТОРО жүргізушісі болса, Арайлым №5 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда медбибі. Шар аның ресми бөл іміні ң соңы құ ттықт ау, жұбайлар биіне ұласты.

Жастарды қолдап жатқан жасотандықтардың атына той иелері тарапынан алғыстар айтылып, шашу шашылды.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.