Сессияда қаралды

Сейсенбі күні қалалық мәслихаттың ХХХVІІ сессиясы өтіп, оның жұмысына қала басшысы Б.Шыңғысов, қала әкімінің орынбасарлары, депутаттар, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Сессияға қалалық мәслихаттың депутаты А.Төлендина төрағалық етті. Күн тәртібіне тұрақты комиссияның отырысында қаралған 5 мәселе шығарылды. Бірінші Сәтбаев қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі болды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі талаптарының аясында қала халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жағдайы мен шаралары туралы Сәтбаев қаласы МСЭҚ басқармасының басшысы Б.Құндақбаев баяндама жасады. Одан кейінгі мәселе «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау» туралы 2009 жылғы 24 сәуірдегі ХVІІІ сессиясының №220  шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды. Сессияның күн тәртібіндегі төртінші мәселеге орай, ХХХVІІІ сессиясының төрағалығына №11 сайлау округінен депутат Ә.Қоңырова сайланды.

Сессия жұмысының соңында күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша шешімдер шығарылды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.