Қадірлі жандар мерекесі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай және Қарттардың халықаралық күніне арналып өткен жұмада қала әкімі Б.Шыңғысов қаламыздың бірқатар соғыс және еңбек ардагерлерімен, Құрметті азаматтармен кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесуге қала әкімінің орынбасарлары М.Мәдиева мен Қ.Шайжанов қатысты.

Қарт адамдар күні – аталар мен әжелердің, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Ал қарттық болса – жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағы. Біздің халқымыздың болмыс-табиғатында үлкенді сыйлау, ата-ананы ардақтау, жалғызілікті жанға қамқор болу қанға сіңген қасиет болып саналады. Осы ретте ұйымдастырылған бұл іс-шара кеуделеріне орден, медальдарын тағып, мерекелік дастархан басына жиналған қариялар үшін бірбірімен қауышуға, жастық шақтарын еске алуға мүмкіндік берді.

Дастархан басына жиналған құрметті қонақтарды Қариялар күнімен қала әкімі Б.Шыңғысов құттықтады. Өз тілегінде Бауыржан Қабденұлы қарттардың елге сіңірген еңбектері ешқашан ұмытылмайтынын, бүгінгі жеткен жетістіктеріміз ардагерлеріміздің арқасы, даналық ақыл-кеңестерінің нәтижесі екенін айта келе, жалпы қаламыздың өзекті мәселелерін шешуде ағалық ақылдары үшін рахметін айтып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Одан кейін сөз алған соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы Ш.Байбосынов қала басшыларына осындай жанға жайлы кездесуді ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын айта отырып, еңбектеріне табыс тіледі.

Келесі болып сөз алған қаламыздың Құрмет ті азаматы, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Аханов қала дамуына қатысты бірқатар мәсел елерге байланысты өз ойын жеткізген соң, «Өткізіліп отырған бұл шара – бірлік пен келешекті ойлағандардың ісі», – деп сөзін аяқтады.

Бізге бейбіт өмір сыйлаған, ақыл-кеңестерімен алға жетелейтін аға-апаларымызға ерекше ықылас пен құрмет көрсететін, алғыс айтатын сәттер күнде болса да артық емес.

Марал ШАХАЕВА. 

Комментарии закрыты.