«Ұлан» әскери-спорттық ойыны басталды

Биыл ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына жиырма жыл дөп келіп отыр. Айбынды әскері бар қазақ елінің өскелең ұрпағын патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында білім, денешынықтыру және спорт бөлімі жыл сайын «Ұлан» әскерипатриоттық ойынын өткізіп келеді.

Жақында ойынның салтанатты ашылуы өтті. Оған қаланың Құрметті азаматы, соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Ш.Байбосынов, қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Жанасылова және қалалық қорғаныс бөлімінің мамандары қатысты.

Ш.Жанасылова мен Ш.Байбосынов ойынға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Жақында ғана №25 орта мектепте құрылған «Қанатты ұлан» атты әскери-патриоық клубтың тәрбиешілері өздерінің әскери іске деген машықтарын көрсетті.

«Ұлан» әскери-спорттық ойыны келер жылдың мамыр айына дейін өтіп, жеңімпаздар марапатталатын болады.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.