Ойжарыстан олжалы оралды

Үстіміздегі айдың 8-9 күндері Астана қаласында ашық Республикалық дебат өтті.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі мен Қазақстан жас депутаттар Қауымдастығы ұйымдастырған ойжарысқа Сәтбаев қаласының «Президент» командасы қатысып қайтты.

«Қазақстандағы медицинаның дамуының болашағы» атты тақырыпта өткен жарысқа республиканың 11 облысынан және екі қаласынан 49 команда қатысты. Оның ішінде 21 қазақ командасы болса, бірі – біздің «Президент» болды.

Құрамында Орал Нұрбек, Нұрмұқан Жасұлан, Үсембаева Индира бар №16 жалпы білім беретін орта мектептің бұл командасының жетекшісі тарих мұғалімі Зәмзәгүл Қиянова.

Ұстазының еңбегі еш кетпеді – «Президент» IIIорынды жеңіп алып, дипломмен және бағалы сыйлықтармен оралды.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.