СОТҚА ҚҰРМЕТ – МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІККЕ ҚҰРМЕТ

Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен туған елге тиесілі туған жерін, Отанын қорғап өткен ата баба арманы – Тәуелсіздік еліміздің өзге саласы секілді сот саласына да оң серпілістерін әкелді. Қабылданған сот шешіміне қазіргі күні тараптар тарапынан білдірілген күмән, яғни шағым сот беделіне нұқсан келтірумен қатар, көңілге сенім ұялатады. Демек, бұл — Ата Заңымызда аталған тәуелсіз мемлекетіміз- зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет екендігінің көрінісі. Оның әрбір тұрғынының өз құқығын заңды түрде қорғай білуі, олардың құқықтық сауатының жоғары болуын талап етеді. Судья ісіне немесе қабылданған шешімге заңды түрде білдірілген шағым – халықтың құқықтық сауатының артуының дәлелі деп білемін. Қазірге кезде өз құқығын тек сот арқылы ғана қорғай алатынына көпшіліктің көзі жеткен. Және бұрынғыдай емес халықтың сотқа деген сенімінің арта түскені де аңғарылады. Осыған орай судьялардың да жұмысы бұрынғыдан анағұрлым көбейді. Сырт көзге судьяның жұмысынан асқан айлығы көп, тыныш та рахат жұмыс жоқ секілді көрінеді. Шындығын да солайма? Жоқ олай емес, судья шешім қабылдап не үкім шығару үшін қаншама ұйқысыз түндер мен мазасыз күндер өткізетінін, жүйкесін жұқартып, жүрегіне салмақ түсетінін кім түсініп, кім ұғыпты дерсіз. Сот жұмысының да сырт көзге беймәлім кәсіби иірімдері мен қалтарыс-қатпарлары жетерлік. Бүгінгідей түбегейлі бетбұрыстың тұсында баспасөз бетінде айтылған әрбір тұшымды ойлар мен байыпты пікірлердің ел тұтастығы мен тыныштығына, береке бірлікке қызмет етері хақ. Біз бұхаралық ақпарат құралдарының кез келгенімен әр кез қоян қолтық жұмыс істеуге құштармыз. Өйткені бұл сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді. Сот билігіне жөн жосықсыз кінә артпас бұрын, әділдік іздеген адам, байсалды мінез танытқаны жөн. Біз орынды сынға түсіністікпен қараймыз. Арасын суытпай талқыға салып, тез арада шешім қабылдап отырамыз. Сондай ақ сот отырысының ашық әрі жариялы түрде өткізілуін қатаң бақылау күн тәртібінде қойылған басты мәселе болып табылады. «Қазіргі заман –өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы» деп айтқан екен Ахмет Байтұрсынұлы. Бүгінгі таңды сот саласында жасалып жатқан сот реформасының негізінде болашақ сот жүйесінің негізін қалап жатырмыз десек артық айтқандық емес. Біздің бүгінгі сот билігіміз Ұлы Дала өркениетінде ерекше орын алған билер институтынан тамыр тарататыны белгілі. Қандай да бір дау дамайдың түйінін кесімді түрде кесекті сөзбен ғана шешіп отырған. Сот саласындағы жаңаша реформалар мен үрдістердің басты мақсаты — сот беделінің кіршіксіз тазалығын, ашық та жариялы сот отырысын қалыптастыру. Қорытындылай келе елбасымыздың сөзімен айтқандай «сотқа құрмет- мемлекеттік билікке құрмет» — дегім келеді. Сот билігінің ең басты міндеті – қоғамдағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуы мен қорғалуы болып табылады. Сондықтан да сол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, аяқ асты етілген құқықтарының қалыпқа келтірілуі бүгінгі таңда осы сот саласында жүзеге асырылуда. Бухарова Салтанат Сәтбаев қалалық сотының бас маманы.

Комментарии закрыты.