Жартыжылдық қорытындыланды

Өткен аптада Сәтбаев қалалық сотының төрағасы Ерлан Сексенов 2018 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Жиынға сала мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып, 1 жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстарды айтты. Жалпы алғанда ағымдағы жылдың алғашқы алты айында сотқа 190 азаматқа қатысты 156 қылмыстық іс түскен. Оның ішінде 83 іс бойынша 96 адамға үкім шығарылып, 55 іс тоқтатылған. Іздестіруге байланысты 6 іс прокурорға кері қайтарылған.
Сонымен қатар, сот төрағасы жартыжылдық қорытындысында түрлі категориялар бойынша 2904 азаматтық іс өндірісте болғанын жеткізді. Есепті кезеңде барлығы 2745 іс қаралып, оның ішінде 767-сіне шешім шығарылып, 38 іс өндірістен қысқартылған. 199 іс қараусыз қалдырылған.
Сондай-ақ, бірінші жартыжылдықта қалалық соттың өндірісіне 628 әкімшілік іс түскен. Барлығы 592 іс қаралып, олардың барлығына әкімшілік жаза тағайындалған. Атап айтқанда, 231 іс негізінде 231 азаматқа айыппұл салынса, 18 іс бойынша ескерту жасалды. 118 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылса, 132 іске әкімшілік қамау туралы шешім қабылданған. Өндіріспен 44 іс тоқтатылған.
Жиынды сот төрағасы қорытындылап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Комментарии закрыты.