«Мектепке жол» акциясы

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 16 шілдедегі
№3-15-3/2530- хатына сәйкес 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акция басталғандығын хабарлайды.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
Жыл сайын Сәтбаев қаласы бойынша акцияға барлық білім бөлімдері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар, кәсіпорындар, демеушілер, БАҚ қатысады.
Мысалы, 2017 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында 1600 әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 91 балаға – мектеп формасы, 300 балаға – рюкзак, 300 балаға кеңсе тауарлары әперілді. Бұл үшін 2 млн. 278 мың теңге жалпы оқу қорынан бөлінсе, 20 млн. 372 мың теңге бюджеттік емес мекемелерден түсті. 22 млн. 650 мың теңгеге мектеп құралдары мен киім-кешек алынды.

Құрметті Сәтбаевтықтар!

Еліміздің ертеңі деп сенім артқан балаларымыз бақытты балалық шақ мекенінде білім алып, болашақтарын нұрлы ету жолындағы қайырлы істе белсенділік танытайық. Егер акцияға қолдау білдіремін деген ниеттегі азаматтар болса білім бөліміндегі 3-45-86, 4-14-73 нөмірлердегі жедел желіге хабарласуларына болады.

С.Айжанова,
«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ бас маманы.

Комментарии закрыты.