Елбасы жолдауы – жаңа табысты бастамалар

Елбасының Қазақстан халқына арнаған әр жылдардағы Жолдауы ел дамуының айқын бағдары іспетті. Өйткені, онда Қазақстанның дамуының аса ірі әлеуетін ашып көрсететін маңдайалды міндеттер нақпа-нақ айқындалған. Мұнда мемлекеттің, экономика мен қоғамның кезең-кезеңімен жаңғыр­тылуының одан арғы бағытының негізін қалайтын егжей-тегжейлі және практикалық шешімдер бар.

Ендігі мақсат – Елбасы айқындап берген осы міндеттерді мінсіз жүзеге асыру. Осы орайда, әрбір мемлекеттік қыз­мет­кер өзінің нақты жұмыс учаскесінде жеке басы не істеді деген сұ­раққа кез келген уақытта нақпа-нақ жауап беруге дайын тұруға тиіс.
Біріншіден, талапты қатайту және мемлекеттік қызмет жүйесінде мемлекет қалыптастыру жолындағы ахуалды жақсарту кәсіби мемлекеттік аппараттың жаңа сапасын қалыптастыру керек.
Екіншіден, заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа көзқа­растар сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету. Осы жағдайда сот төрелігі институтына  қоғамдық сенім арта түседі.
Үшіншіден, ұлттық экономиканы терең реформалау стра­тегиялық инвесторларды дәл тарту мен ғылымға жұмсалатын өндірісті көтеру арқылы жоғары технологиялы өңдеуші секторды басым дамытуды көздейді.
Төртіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы мен Баршаға ортақ еңбек қоғамы идеяларын одан әрі ілгерілету азаматтық біртектілікті күшей­теді және Болашағы Біртұтас Ұлттың бойындағы жасампаздық әлеуетті түбегейлі ашуға мүмкіндік береді. «Мәңгілік Ел» – қоғамдағы бірлік пен келісімнің атымен өзгеше моделі, ол жаһандық ауқымда танылған табысты қазақстандық тәжірибенің мәртебесіне ие.
Бесіншіден, мемлекеттің ашықтығы мен есеп берушілігін кезең-кезеңімен дамыту, қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту, азаматтық қатысуды кеңейту, мониторинг пен бағалау тетіктерін жетілдіру тұтастай алғанда мемлекет басқарудың тиімділігін арттырады.
Ең бастысы, Елбасының барлық Жолдаулары қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға, Қазақстанның Экономикалық ынты­мақ­тастық пен даму ұйымына мүше елдерде қол жеткізілген жоғары әлеу­меттік стандарттарға ұмтылуға бағытталған.

Г.Нұрғалиева,
Сәтбаев қаласы Әділет басқармасының басшының орынбасары.

Комментарии закрыты.