Кеңестердің бірінші съезі өтті

Қарағанды облысында Қоғамдық кеңестердің бірінші съезі өткізілді. Әр аймақтан жиналған делегаттар Абай ауданындағы Мәдениет үйінде бас қосты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қоғамдық кеңестердің маңыздылығы жайлы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтқан болатын. 2015-ші жылдың 2-ші қарашасында «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңы қабылданды. Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында бүгінгі таңда диалогтық алаң болып табылатын Қоғамдық кеңестер құрылған.
Съездің мақсаты қоғамдық институттарды жетілдіру, кеңестердің жұмысын оңтайландыру болды. Шешім қабылдауда қоғамның қатысуы сыбайлас жемқорлық қаупін төмендетеді.
Съезге қатысушылар азаматтық белсенділкке шақырды. Түрлі салаларда цифрлік жүйе енгізу процесстері талқыланды, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуде де.
Қоғамдық өкілдер адамдарға сандық жүйеге ауысудың артықшылықтары туралы көбірек айтылу керек деп есептейді. Олар xалықтың цифрлік сауаттылығына көп көңіл бөлуге кеңес берді. Сонымен қатар, облысымыздың барлық елді мекендерінде интернет байланысты жақсарту қарқынын жеделдету қажет.
Съезд делегаттары Қоғамдық кеңестердің іс-әрекеттерін реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар құрды.

Комментарии закрыты.