Мергендіктерін танытты

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі, қорғаныс бөлімі және Қазақстан Республикасының «Отан» қоғамдық бірлестігінің филиалы Сәтбаев қалалық ұйымы бірлесіп өткен сенбіде барлық мектеп оқушылары мен кәсіби лицейдің студенттерінің арасында «Ұлан» пневматикалық қарумен ату жарысын өткізді. Әр мектептен 9 баладан қатысып, мергендіктерін көрсетті.

– Бұл жарыстың басты мақсаты – жастардың арасындағы патриоттық рухты көтеру мен Отан алдындағы әскери міндетке машықтандыру. Жылдан-жылға қанатын жайып келе жатқан жарысқа жастардың қатысу қуантарлық жағдай, – дейді орталық басшысы Ә.Әукенов.

Жарысқа Б.Серікбаев, Т.Сүлейменов, М.Ондыбаев сынды әскери істің мамандары төрағалық етті.

Таңғы тоғыздан басталған жарыстың нәтижесінде қыздар арасында С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушысы Аягөз Кенжалиева І орынды, осы мектептің оқушысы Дарья Решеткина мен №3 орта мектептің оқушысы Алтынкүл Әбішова ІІ орынды өзара бөліссе, №3 кәсіби лицейдің студенті Анна Каримова ІІІ орынды жеңіп алды.

Ер балалар арасындағы сынға түскендерден №1 мектепгимназияның оқушылары Дмитрий Запора І орынды, Геннадий Бабий мен №3 кәсіби лицейдің студенті Арман Жұмағалиев ІІ орынды алды. Ал, ІІІ орынды №14 орта мектептің оқушысы Дмитрий Молегус иеленді.

Ұйымдастырушылар атынан жеңімпаздар мақтау қағаздары мен заттай сыйлықтарға ие болды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.