Жұмысқа жолдама алды

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі жұмыссыздықтың деңгейін төмендету мақсатында жаңа бағдарлама қабылдауды тапсырған болатын. Елбасының осы тапсырысы негізінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Біздің қалада да «Жұмыспен қамту орталығы» ашылып, қаладағы жұмыссыз азаматтарды оқыту, жұмысқа орналастыруды жүргізіп жатыр.

Атқарылған жұмыстар нәтижесіз емес. Кондитерлік мамандық бойынша біліктілігін арттыруға №3 кәсіби лицейге жіберілген 10 маман өткен аптада қолдарына жұмысқа жіберілгені жөнінде анықтама алды.

Осыған орай бағдарламаның бірінші бағыты бойынша біліктіліктерін жетілдірген кондитер мамандарын «Жұмыспен қамту орталығының» басшысы Қазбек Ашықбаев, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» басшысының орынбасары Б.Апеков, осы бөлімнің сектор меңгерушісі А.Бөрібаева алғашқы түлектерді құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.

Орталық басшысының айтуынша, бұл мамандықты игергендердің қай-қайсысы болмасын өздерінің мамандықтарына деген құлшыныстарын оқу барысында өте жақсы танытыпты.

Биылғы жылы бағдарлама аясында 56 жұмыссыз азамат мамандыққа қайта даярланып, біліктілігін арттырса, алғашқы 10-ы екі қолға бір күрек тауып жатыр. Олай болса, іске сәт.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.