Жұмыс талқыланып, бағдар белгіленді

Қазан айының 28 күні Қарағанды қаласында «Нұр Отан» ХДП ғимаратында Қарағанды облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының V есептік-сайлау конференциясы өтті. Оған Сәтбаев қаласынан қалалық мәслихаттың хатшысы С.Имамбай бастаған бір топ делегаттар қатысып қайтты.

Конференция президиумының құрамында Қарағанды облысы мәслихатының хатшысы Б.Жұмабеков, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Есенғараев, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның атқарушы хатшысы Н.Өтешев және «Жас Отан» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы М.Құттыбай болды. Конференция жұмысына облыстың басқа да қалалары мен аудандарынан келген «Жас Отан» ЖҚ-ның атқарушы хатшылары, белсенді мүшелері, барлығы 322 делегат және Қарағанды қаласындағы жоғары оқу орындарының студент жастары қатысты.

Күн тәртібінде «Қарағанды облысы «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшылығының есеп беру кезең індегі жұмысының қорытындысы туралы», «Қарағанды облыстық «Жас Отан» ЖҚ-ның аймақтық кеңесін сайлаутуралы», «Жас Отан» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысын сайлау туралы» мәселелер қаралды.

Алғаш сөз алған Есет Есенғараев барлық қатысушыл арды V есептіксайлау конференциясының басталуымен құттықтап, «Жас Отан» ЖҚ-ның алдағы уақыттағы жұмысы жемісті болады деген сенімін білдірді. Келесі болып сөз алған Б.Жұмабеков конференция жұмысына табыс тілеп, қазіргі таңда елімізге білікті де білімді азаматтар өте қажет екенін айтып, барлық жастарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шараларға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

Осыдан соң Мирас Құттыбай қатысушылар алдында облыстық «Жас Отан» ЖҚ-ның атқарған жұмыстары жөніндегі өз баяндамасын оқыды.

– Бүгінгі «Жас Отан» Жастар қанатының V есептік-сайлау конференциясы еліміздің тарихи маңызы зор уақытында өтіп отыр. Баршаңызға белгілі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз соңғы жылдары дүниежүзілік маңызы бар биіктерге жетіп келеді. Сол Стратегияны жүзеге асыру жолында Елбасы жасотандықтарға зор сенім артып, оны орындау жолында үлкен міндеттер қойды. Біз сол сенімді ақтап, алға қойылған міндеттерді орындау және жүзеге асыру жолында барлық күшімізді жұмылдыра еңбек жасауымыз керек. Бүгінгі есеп берусайлау конференциямызда біз өткенді сараптап, алдымызда тұрған міндеттер мен мақсаттарды айқындап алғалы отырмыз.

Қазіргі таңда Қарағанды облысы бойынша «Жас Отан» Жастар қанатының құрамында 11538 мүше бар. Бұл жасотандықтар ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған барлық іс-шараларға және аймақты дамыту бағдарламаларының барлығына белсенді түрде атсалысуда. Біздің жұмысымыз жастарды жұмыспен қамту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу және т.б. өзекті мәселелерінің шешілуіне бағытталған.

– Осы бағытта Қарағанды облысының жасотандықтары белсене қатысқан көптеген үлкен жұмыстар жүргізілді. Соның ішінде «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» республикалық жастар марафон-эстафетасы, «Отандастар» республикалық акциясы бар.

Алдымызда зор міндеттер тұр және оларды орындау үшін жасотандықтар бірігіп жұмыс атқаруы қажет. Еліміздің гүлденуіне, ілгері дамуына әрбір жасотандық өз үлесін қосуына міндетті, – деді облыстық атқарушы хатшы.

Осыдан соң, күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, «Жас Отан» ЖҚның Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы болып Мирас Құттыбай сайланды.

Конференция соңында Е.Есенғараев Қарағанды облысы филиалының Құрмет грамоталарына ие болған бірқатар азаматтарды құттықтады. Олардың ішінде белсенді азаматтық ұстанымы үшін, облыстың қоғамдық саяси өміріне және Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП-ның Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытын жүзеге асыру ісіне атсалысқаны үшін «Жас Отан» ЖҚ Сәтбаев қалалық филиалының атқарушы хатшысы Нұрлыбай Наурызбаев марапатталды.

Жалпы конференцияда «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының есеп беру уақытындағы атқарған жұмысы сарапталып, алдағы уақыттағы жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.